«5 күндік оқу аптасына көшу бойынша тапсырма келді. Біз өз тарапымыздан барлық мектептерді осы режимге мүмкіндігінше ауыртпалықсыз аударуға тырыстық. Бірақ бүгінгі таңда әлі де кемшіліктер бар екені рас», - деп жазады Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова Фейсбуктегі парақшасында.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда 84 мектептен 71 мектеп 5 күндік оқытуға ауысты. Мұнда кейбір жайттар бар - егер мектеп жалпы білім беру мектебі болса, онда ол 1-ден 11-ші сыныпқа дейін 5 күндік мерзімге көшті. Егер мектеп инновациялық болса, онда тек 1-4 сыныптар толық 5 күндік кезеңге ауыстырылады, ал басқа сыныптар 5 күн сабақ өтіп, сенбіде оларда вариативті, яғни таңдау бойынша пәндер мен қосымша сабақтар жүргізіледі. 10 мектепте (5,13,14,24,27,31,40,74,75,57) үш ауысымдық режим орын алғандықтан, 5 күндік режимге өту әзірше мүмкін емес. Сондай-ақ, Зерде мектебі мен екі БИЛ 5 күндік мектепке ауыстырылмайды. Себебі оларда 1-4 сыныптар жоқ. 40 минуттан өтетін 7-8 сабақ былтырғы 45 минуттан өтетін 5-6 сабақпен уақыттары сәйкес.