Астана мектептерінде 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қолайсыз ауа райына байланысты Астана қаласының мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына бүгін сабақ болмайды, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Бүгін таңертең Астанада 27-29 градус аяз болды. Күндіз температура -21 градусқа дейін көтерілмек, дейді ауа райын болжау мамандары.