«Бүгінде астаналық мектептерде 200-ге жуық бастауыш сыныптардың мұғалімдері мен математика пәнінің 50-ден астам оқытушысы жетіспейді. Сонымен қатар 700 мұғалім зейнеткерлік жасқа жақындады және 2016 жылға дейін мектептен кетуі мүмкін. Кадрлар тапшылығы 10 пайыздан асуы ықтимал. Бұл мәселе алаңдатып отыр. Осы орайда тиісті шешімді бүгіннен бастап қабылдау керек»,- деді ол. Оның пайымынша, жас мамандарды мектепке жұмысқа тарту бойынша шаралармен тығыз айналысу қажет. Бірінші кезекте кадрларды сырттан іздемей, қатардағы мамандардың біліктілігін жетілдіріп, тәрбиелеу қажет.
13:11, 21 Тамыз 2014
Астана мектептерінде кадр тапшылығы сезілуде - Эльмира Суханбердиева
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жылдары Астанада мектеп оқытушыларының тапшылығы ушығуы мүмкін. Бұл туралы бүгін елордалық педагогтардың жыл сайынғы Тамыз кеңесінде қалалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева мәлім етті.