«2018 жылдың 29 қарашасы күні ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - деп хабарлады Білім басқармасының ресми өкілі Жазира Асанова.
Айта кетейік, бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары үшінші сабақтан кейін үйлеріне қайтарылды.
«Қазгидромет» РМК 28-30 қараша күндері еліміздің 8 өңірінде күн суытатынын хабарлады. Астана қаласында қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні таңертең және түнде 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с жетуі мүмкін. 30 қараша түнде ауа температурасы 15-17 градусқа дейін төмендейді.