Астана мектептерінде сабақтың болмайтыны туралы хабарлама жалған болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мектептерінде екінші ауысымда 1-5 сыныптарға сабақтың болмайтыны туралы хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақ болмайды деген хабарламалар әлеуметтік желі арқылы таратылуда және ата-аналарды жаңылыстыруда.

«Астана әкімдігі бүгін екінші ауысымдағы 1-5 сынып оқушылары үшін сабақ өткізілетінін хабарлайды. Сабақтар кесте бойынша өтеді», - делінген әкімдіктің фейсбук парақшасы арқылы таратылған хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін, 6 ақпанда ауа-райының нашарлауына байланысты (ауа температурасы -25 градусқа дейін түсуі) бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болған жоқ.