Астана мектептерінде жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада оқу жылының басталуына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Астана білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова мәлім етті.

 «Бірінші қыркүйек - Білім күні еліміздегі Құрбан айт мейрамына сәйкес келуіне байланысты, мектептердегі 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйек күні өтеді.

Қалалық мектептерде оқу үрдісі өзгеріссіз осы күні басталады. Колледждерде сабақ 18 қыркүйекте басталады», - деп жазды ол Фейсбукте.