Келісім негізінде қол жеткізілген құжатқа сәйкес, Астананың барлық мектептерінде тұрмыстық қалдықтарды бөліп салуға арналған контейнерлер қойылмақ. Ал тұрмыстық қалдықтарды бөле салған оқу орындарына сыйлық ретінде кеңсенің керек-жарақтары таратылады.
«Жыл бойы компания біздің қор елордадағы №37 мектепте қызықты тәжірибені жүзеге асырды. Мектепте тұрмыстық қалдықтарды бөліп салуға арналған контейнерлер орнатылды. Оқушылар мектеп аумағындағы қоқыстар мен қалдықтарды жинап, сол контейнерлерге бөліп жинауды үйренді. Талдауымыз бойынша, ай сайын 400 келі болатын макулатура мен пластик жиналады екен. Бұл еңбектің арқасында аталмыш оқу орыны кеңсе керек-жарақтарына ие болды. Олардың қатарында қағаз, бояу секілді керек-жарақтар бар. Осы келісім аясында қаланың барлық мектептері ендігәрі осы жүйеге енгізілетін болды», - дейді Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры төрағасының орынбасары Татьяна Немцан.
Фото: www.kurer-sreda.ru