Көптеген өңірде өрт шығу қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде тұман түседі.
Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында шаңды дауыл соғады. Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-18 метрге, Маңғыстау мен Түркістан облыстарында 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жел күшейіп, оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Павлодар облысында түнде және таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында да жел күшейеді.
Астана, Алматы, Қонаев, Атырау, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Шымкент, Түркістан және Жезқазған қалаларында өрт шығу қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады.
Өрт шығу қаупі бірқатар өңірде жоғары деңгейде, ал Алматы, Абай, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде төтенше деңгейде болады.
Айта кетейік, Астанада батпақты жердің орнына 4 млрд теңгеге экосаябақ салынды.