24 желтоқсанда Алматы, Астана, Риддер, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Көкшетау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.