Астана мен Ақмола облысында 5-7 қыркүйекте бұршақ күтіледі
17:27, 04 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Астана қаласы мен Ақмола облысында дауыл болуы мүмкіндігі туралы хабар таратты. Синоптиктердің мәліметтері бойынша, 5-7 қыркүйек аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысуы ықтимал.
Астанада 5-і күні - күндіз және 6-7 қыркүйек тәулік бойы найзағай, дауыл және бұршақ болжанады. 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады.