«9 желтоқсанда күндіз, 10-11 желтоқсанда тәулік бойы Ақмола облысы мен Астана қаласында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы Ақмола облысының кей жерлерінде 23-28 м/с жетпек. Ал Астанада 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады», - делінген таратылған хабарламада.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90 %.