Синоптиктер 20 м/с-ке дейін жел соғатыны туралы ескертуде. Болжам бойынша, 1 қазанда күн бұлттанып, күндіз жауын жауады. Ауа температурасы түнде 5 7°С, күндіз 16 18°С болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысып, оның жылдамдығы 5-10 м/с-ке жетеді.
Сейсенбі, 2 қазан күні көшпелі бұлт шығып, түнде және таңертең жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с жел соғады таңертең және күндіз оның екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 3 5°С, күндіз 10 12°С-ты көрсетеді.
Сәрсенбі, 3 қазанда күн ашық болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғып,жылдамдығы 7-12 м/с-қа жетеді. Температура түнде 2 4°С, күндіз 13 15°С.