Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Коллаж: Kazinform/ Canva

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 471,95 теңгеден сатып алынады, 478,92 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 540,00 теңге, сату — 549,97 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,80 теңге, сату — 6,10 теңге;
— юань 69,45 теңгеден сатып алынады, 74,16 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 474,43 теңге, сату — 476,64 теңге;
— еуро: сатып алу — 540,81 теңге, сату — 546,14 теңге;
— рубль 5,84 — 5,98 теңге аралығында саудаланады.
— юань 71,08 — 73,41 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, апта аяғында доллардың орташа бағамы 2,39 теңгеге түсіп, 472,03 теңге болды.