Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Фото: Kazinform/ЖИ

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 448,99 теңгеден сатып алынады, 455,99 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 501,89 теңге, сату - 511,89 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,17 теңге, сату - 5,37 теңге;
- юань 65,95 теңгеден сатып алынады, 70,34 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 452,56 теңге, сату - 455,12 теңге;
- еуро: сатып алу - 507,50 теңге, сату - 512,52 теңге;
- рубль 5,14 - 5,26 теңге аралығында саудаланады.
- юань 66,53 - 69,19 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 9 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,06 теңгеге өсіп, 453,93 теңге болды.