Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 484,00 теңгеден сатып алынады, 491,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 558,00 теңге, сату — 568,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,20 теңге, сату — 6,50 теңге;
— юань 69,16 теңгеден сатып алынады, 74,06 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 487,91 теңге, сату — 489,78 теңге;
— еуро: сатып алу — 559,03 теңге, сату — 564,18 теңге;
— рубль 6,37 — 6,49 теңге аралығында саудаланады.
— юань 71,22 — 73,63 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 19 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,64 теңгеге өсіп, 488,37 теңге болды.