Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Фото: Kazinform/ЖИ

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 460,00 теңгеден сатып алынады, 467,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 533,00 теңге, сату - 543,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,20 теңге, сату - 5,40 теңге;
- юань 68,39 теңгеден сатып алынады, 72,42 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 462,73 теңге, сату - 464,90 теңге;
- еуро: сатып алу - 537,55 теңге, сату - 542,97 теңге;
- рубль 5,25 - 5,40 теңге аралығында саудаланады.
- юань 68,55 - 70,87 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 28 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,1 теңгеге өсіп, 464,77 теңге болды.