Астана мен Алматыдағы музыкалық іс-шаралар афишасы

Фото: Коллаж: Kazinform / artist-production.de / dimashnews.com

АСТАНА. KAZINFORM – Келе жатқан мәдени маусымда Астана мен Алматыда бірнеше музыкалық іс-шара өтеді. 

Астана

26 сәуірде Астанада италиялық тенор Алессандро Сафина симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әйгілі ариялары мен романстарын орындайды. Ол классикалық музыка мен поп-романтиканы үйлестіре алады және әлем жұртшылығының жүрегінен орын алған.

3 мамырда Вера Брежнева елордада концерттік бағдарламасын ұсынады. Әнші жаңа туындыларымен қатар баршаға таныс хит әндерін де орындайды.

4 мамырда танымал еуропалық поп әнші SANDRA Астанада жеке концертін береді. Бұл іс-шара оның «The Best» әлемдік туры аясында өтеді және Қазақстандағы жалғыз концерті болмақ.

Алматы

16 және 17 мамыр күндері Сергей Жуков пен «Руки Вверх» тобының концерті өтеді. 

16 мамырда Алматыда украиналық әнші Бьянка өнер көрсетеді. Танымал әнші көңілді ырғақты әндерімен қатар қазақстандық эстрада музыканттарымен бірге жазған туындыларын да орындайды.

Сонымен бірге 26 мамырда көктемнің ең басты оқиғалардың бірі – Димаш Құдайбергенмен эксклюзивті фан-кездесу өтеді. Онда тыңдармандар сүйікті әншісімен кездесіп, жанды дауыста ән тыңдайды. 

Бұған дейін хабарланғандай, 1 тамызда америкалық актриса әрі әнші Дженнифер Лопес «Up All Night» туры аясында «Астана Аренада» өнер көрсетеді.