Астана мен Алматы әуежайларында рейстер кешігіп және алынып тасталып жатыр
19:09, 31 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана халықаралық әуежайында Алматы, Ақтау және Атыраудан келетін рейстер кешігіп жатыр.
Елорданың әуежайындағы онлайн-таблосынан хабарланғандай, бүгін Алматы, Ақтау, Үрімжі, Қызылордаға рейстер ұшпайтын болды. Сондай-ақ, ертең 1 қаңтарда бірқатар рейс ұшырылмайды.
Алматы әуежайында Астана мен Петропавлға бүгін ұшақ ұшырылмайды. Сондай-ақ, Астана мен Петропавлдан рейстер келмейтін болды. Қазір Атыраудан «Эйр Астана» ұшағы кешігіп жатыр.