Астана мен Алматы және тағы 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
06:30, 08 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астана мен Алматы және еліміздің тағы 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
8 мамырда Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы және Астана қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.