Астана мен Алматыда арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы генерал-майор С.С. Исабековтің нұсқауы бойынша, ағымдағы жылы 26 желтоқсаннан 27 желтоқсанға қараған түні Астана және Алматы қалаларында ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің тосын жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің күштері мен құралдары жедел-қызметтік әзірліктің жоғарғы дәрежесіне келтірілгеннен кейін оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау үшін шоғырлану аймағына шықты.