Мәлімдемеде Президенттер білім саласындағы ынтымақтастықтың басымдылығын атап өткен.
«Олар Астана мен Алматыда екі француз мектебін ашуға және дамытуға қолдау білдірді.
Студенттердің ұтқырлығын, атап айтқанда «Абай-Верн» бағдарламасы шеңберінде шәкіртақылар санының көбеюіне және «Болашақ» бағдарламасы бойынша француз жоғары оқу орындары тізімін кеңейту арқасында арттыруды қолдады.
Сондай-ақ Сорбонна-Қазақстан институтын қайта форматтауды қолдайтындықтарын білдірді және 2022 жылғы 30 қарашада Парижде 7-ші Қазақстан-Франция жоғары білім форумының өтуін, сондай-ақ білім беру саласындағы бірқатар құжаттарға қол қоюды құптады», - делінген Ақордаға жариялаған бірлескен құжатта.