Астана мен Алматыда қонақүй мен стоматологиялық колледжге бомба қойылғандығы туралы хабарлар түсті

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Елордадағы «Данияр» қонақүйі мен Алматыдағы С.Рузуддинов атындағы стоматологиялық колледжге ғимараттарына жарылғыш заттардың қойылғандығы туралы анонимді қоңыраулар түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Наурыздың 18-і күні кешке елордалық Ішкі істер департаментіне «Данияр» қонақүйі ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабар келіп түсті. Құтқарушылар 49 адамды көшірді. Кеше дәл осындай оқиға Алматыда да орын алды. Ішкі істер департаментіне белгісіз біреу қоңырау шалып, стоматологиялық колледж ғимаратына бомба қойылғанын хабарлайды. Оқиға салдарынан оқу орнынан 230 адам көшірілді. Жүргізілген арнайы шаралардың барысында Астанадағы қонақүйде де, Алматыдағы колледжде де ешқандай бомба табылған жоқ.