Астана мен Алматыда өтетін қысқы Азияда-2011 ойындарына Қазақстанның халықаралық деңгейдегі жоғарғы дайындығы бізді тәнті етіп отыр - Сауд Арабиясы
Бұл туралы Қазақстанның Саудиядағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақстан өзінің Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы барысында Ақ олимпиаданы Азия құрылығында мұсылман елдері арасынан алғашқы болып өткізіп отыр» - деп атап өтті, сауд бекзадасы өз сөзінде.
Елші Қайрат Лама Шариф өз кезегінде Қазақстанның Азиялық олимпиадалық кеңестің штаб-пәтері орналасқан Кувейтте континенталдық ойындар алауының тұтану дәстүрін бірінші болып қалағанын және қазіргі уақытта алау эстафетасы еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатқандығын хабарлады.
Сауд Арабиясының бұрынғы Королі Фахдтың немересі әмір Науаф олимпиада ойындарынан кейінгі мерзімде Қазақстандағы «Медеу» мұз айдынын, «Шымбұлақ» тау шаңғысы мен Алматыдағы Халықаралық шаңғы трамплин кешендерін және басқа да спорттық нысандарды қысқы спорт түрлері бойынша сауд спортшыларын дайындау үшін қолдануға қызығушылық білдірді. Осыған байланысты тараптар Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді дайындап, қол қоюға уағдаласты.