деп хабарлады Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінен.
Фестивальға үнділік бас аспаздар тобы шақырылып отыр, олар бес күн бойына қазақстандықтарға үндінің түрлі экзотикалық және дәстүрлі дәмдерін дайындап, ұсынады.
Фестивальдің ашылу рәсімі Астанада - қыркүйектің 8-і күні сағат 19.00-де «Rixos President Astana» отелінде, Алматыда - қыркүйектің 14-інде сағат 19.00-де «Intercontinental Almaty» отелінде өтеді.
Сондай-ақ Елшілік ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында Қазақстанның ірі қалаларында «Үндістанның шағын фестивальдарын» өткізуді жоспарлауда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шаралар екі елдің арасындағы қарым-қатынастарды әрі қарай нығайтуға үлкен үлес қосады.