Астана мен Алматыдағы ХҚКО-ларда суретшілер жаңа жылдық карикатуралар салды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана мен Алматыдағы бірнеше Халыққа қызмет көрсету орталығында ерекше құттықтау күні өтті. Бұл туралы ХҚКО РМК-ның Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

30 желтоқсан күні ХҚКО-да таңертеңнен кешкі 18.00-ге дейін суретшілер жұмыс істеді. Олар келушілердің қалауы бойынша карикатуралық суреттер немесе жаңа жылдық құттықтау ашық хаттарын салды.