Астана мен Берлин боксшылары жолдастық кездесу өткізді

ЛИН.  Шілденің 28-і.  ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ -  Қазақстанның Германиядағы жылының аясында    жексенбі  күні Берлинде  олимпиадалық стадионда     Астана  қаласының    командасы мен немістің  «Герта»  клубының  арасында  жолдастық боксшылар    жекпе-жегі  өтті,

деп  хабарлады Қазақстанның   Германиядағы  Елшілігінен.

Астана   құрама командасы  Берлинге  екінші  құраммен  келді,  себебі    негізгі  құрамдағы спортшылар  қазір    Қазақстанның  ұлттық   құрамасының   жиынында    жаттығудан өтіп жатыр.    Астана  құрамасының  спортшылары     10 салмақ санаты  бойынша өнер  көрсетті.

57 киләға  дейінгі салмақ  санатында  өнер көрсеткен  астаналық  Әлия  Әбдраимова    «Герта» спорттық клубының    өкілі Диана  Надимге    ұпай  бойынша есе  жіберіп  алды.  Ал ерлер    арасындағы   жекпе-жекте  54, 60, 64, және  69 килә  санаттарында біздің спортшылар  жеңіске  жетті. 64 киләға   дейінгі салмақта Дәурен  Елеусінов таза жеңіске  жетті.  Ал 69 киләға дейінгі  салмақ санатында   Бақытжан Қожабеков айқын басымдық көрсетіп,  екінші  раундта  жекпе-жекті    мерзімінен бұрын  аяқтады.   Ал 57 килә салмақ санатында   өнер көрсеткен  Алматбек   Ағыбаев пен  Денис Цейланның  жекпе-жегін судьялар   тең   бағалады.

Қалған салмақ  санаттарында неміс  боксшылары жеңіске  жетті,  кездесудің  жалпы  есебі: 5:5.

Берлин   командасы   2010 жылы Германияның   Қазақстандағы  жылының аясында    Астанаға   жауап   сапармен  шақырылды.