Астана мен бес қалада ауа сапасы нашарлайды
06:19, 03 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің 6 қаласында жайсыз метеорологияық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.
- 2025 жылғы 3 наурызда Көкшетау, Астана, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, түнде Қостанай қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін Өскеменді тағы тұман тұмшалап тұратынын жаздық.