«Достар, 1 маусымнан бастап біз Астана мен Бейжің қалалары арасындағы рейстердің ұшу жиілігін арттыратынымызды қуанышпен хабарлаймыз. «Астана-Бейжің» бағыты бойынша қосымша рейстер дүйсенбі күндері орындалады. Ал Алматыдан Бейжіңге саяхаттайтын жолаушылар интерьері жаңартылған Boeing 757 әуе лайнерінде ұшу мүмкіндігіне ие болды», делінген хабарламада.
15:32, 02 Мамыр 2015
Астана мен Бейжің қалалары арасында қосымша рейстер ұшырыла бастамақ - Эйр Астана
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусымнан бастап Астана мен Бейжің қалалары арасындағы рейстердің ұшу жиілігі артады, қосымша рейстер дүйсенбі күндері орындалады, деп хабарланған Эйр Астана әуе компаниясының Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.