Тәртіп сақшылары бұл ойынға билеттерді стадион маңынан не онлайн сатушылардан емес, тек ресми сауда орындарынан алуға кеңес берді.
— Алаяқтардан қауіпсіздік мақсатында футбол матчына билеттерді тек ресми сауда орындарынан сатып алу керек екенін еске саламыз, — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Айта кеткен жөн, ойын алдында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Полиция күштері спорт нысанының өзінде де, оған шектес аумақтарда да тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Еске салайық, бұған дейін «Астана» мен «Челси» ойыны қаншалықты кейінге шегерілуі мүмкін екенін жазғанбыз.
Сондай-ақ, ойын күні Алматыда қандай көшелер жабылатыны туралы хабарланған болатын.