«Астана» мен «ЦСКА-Рапид» футбол командалары арасындағы кездесу 3:1 есебімен аяқталды

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Антальяда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан 'Астана' мен 'ЦСКА-Рапид' футбол командалары бақылау ойынын өткізді.

Чехиялық Мирослав Беранек жаттықтыратын астаналықтар Йонел Гания баптайтын кишиневтік құрдастарынан 3:1 есебімен басым түсті. "Астана" Қазақстан Премьер-лигасында былтыр 5-ші орын алды. Ал "Рапид-ЦСКА" Молдованың Ұлттық дивизионында 2011/12 жылғы маусымда 11-ші орынды қанағат тұтқан еді. Бұл кишиневтік аяқдопшылардың Қазақстанның футбол командаларымен өткізіп отырған алғашқы спаррингі емес. Олар әрбір маусымда Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде бір емес, бірнеше қазақстандық командамен кездесіп жүр.