Кеше олар Молдованың Кишинев қаласының «ЦСКА-Рапид» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Жоғарғы лигада өнер көрсететін кишиневтіктер қазір Молдова чемпионатында 11-інші орында келе жатыр. Бұл олардың биылғы маусымда қазақстандық аяқдопшылармен өткізген 4-інші кездесуі болды. Бұған дейін олар алдымен «Шахтерге» (Қарағанды) 1:3, «Таразға» 1:2 есебімен жеңіліп, Жетісудан» (Талдықорған) 3:2 есебімен басым түскен еді.
Бұл 7 қаңтардан бері Анталиядағы оқу-жаттығы жиыныны кезіндегі Олег Протасов жаттықтыратын астаналықтардың екінші жолдастық кездесу болды. Олар 16-қаңтарда өткен алғашқы кездесуде Украинаның Александрия қаласының «Александрия» командасына 2:3 есебімен ұтылған болатын