Астана мен екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 1 тамыз күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Cейсенбіде Алматы, Астана және Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.