Елордалық клубтың ықтимал қарсыластары қатарында «Вележ» (Мостар, Босния және Герцеговина), «Виртус» (Сан-Марино), «Лиепая» (Латвия), «Ильвес» (Тампере, Финляндия), «Унио Эспортива» (Санта-Колома, Андорра), «Коннас Куэй» (Уэльс), «Богемиан» (Дублин, Ирландия), «Стьярнан» (Исландия), «Европа» (Гибралтар), «Интер» (Турку, Финляндия), «Малишева» (Косово), «Динамо» (Тирана, Албания), «УНА Штрассен» (Люксембург), «Хегельман» (Литва), «Пенибонт» (Уэльс), «НСИ Рунавик» (Фарер аралдары),«Силекс» (Кратово, Солтүстік Македония), «Морнар» (Черногория), «Гленторан» (Солтүстік Ирландия), «Марсашлокк» (Мальта), «Нымме Калью» (Таллин, Эстония), «Эльбасани» (Албания), «Карнарвон Таун» (Уэльс), «Мондорф-ле-Бен» (Люксембург), «Петровац» (Черногория) бар
Ал «Елімайдың» ықтимал қарсыластары сапында РФШ (Рига, Латвия), «Жальгирис» (Вильнюс, Литва), «Шкендия» (Тетово, Солтүстік Македония), «Балкани» (Сува-Река, Косово), «Пюник» (Ереван, Армения), «Линфилд» (Белфаст, Солтүстік Ирландия), «Хамрун Спартанс» (Мальта), «Милсами» (Орхей, Молдова), «Левадия» (Таллин, Эстония), «Пайде Линнамеесконд» (Эстония), «Дифферданж 03» (Люксембург), «Динамо» (Минск, Беларусь), «Влазния» (Албания), «Нефтчи» (Баку, Әзербайжан), «Викингур» (Фарер аралдары), «Ла Фиорита» (Сан-Марино), «Дечич» (Черногория), «Дила» (Гори, Грузия), БАТЭ (Борисов, Беларусь), «Сараево» (Босния және Герцеговина), «Атлетик» (Эскальдес, Андорра), «Сент-Джозефс» (Гибралтар), «Динамо» (Тбилиси, Грузия), «Алашкерт» (Армения) және «Торпедо» (Кутаиси, Грузия) бар.
Жеребе тарту рәсімі 16 маусым күні өтеді. Семейлік клуб турнирді бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Алғашқы ойындар 9 шілдеде, қарымта кездесулер 16 шілдеде өтеді.
Сондай-ақ өткен жылғы Қазақстан кубогының иегері - қостанайлық «Тобыл» еурокубок ойындарын Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Алматылық «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды.