Қалалық Ikomek жедел қызметі таратқан мәліметке сенсек, бүгін 28 қараша, таңғы 8.20 кезінде «Астана-Ерейментау-Шідерті» республикалық маңызы бар автожолының 16-156 шақырым аралығында көліктің барлық түріне жүруге рұқсат берілген.
Бұл - Астана мен Ерейментау қалаларының арасын жалғайтын жол.