"Астана" мен "Галатасарай" клубтары серiктестiк байланыстарын орнатуға, бизнес үдерiстер бағытында тәжiрибе алмасуға дайын екендiктерiн жариялады, деп атап көрсетiлген құжатта.
"Галатасарай" тек Түркияда ғана емес, бүкiл дүниежүзiне танымал клуб болып табылады. Меморандум аясында ең басты жобалар "Галатасарай" мен "Астана" футбол клубтарына байланысты болады. Сондай-ақ "Астана" баскетбол клубын дамыту барысында түрiктердiң тәжiрибесiн қарайтын боламыз. Түрiк ағайындарының қойып отырған өтiнiштерi "Астана" велокомандасына байланысты бiрнеше жоба өткiзсек деген ойлары бар", - дейдi Дархан Кәлетаев.
Оның сөзiне қарағанда, меморандумнан кейiн жоспар жасалады, соның негiзiнде ары қарай iске кiрiсу жоспарлануда.
"Бiздiң өзiмiздiң қойып отырған мақсатымыз - "Галатасарайдың" құрылымын зерттеу. Оның құрамында 13 жоба бар, қаржыландырудың 80 пайызын "Галатасарай" футбол клубы алып отыр. Бiзде соған бiрте-бiрте келе жатырмыз. Бiздiң ойымыз сол құрылымға жақындау. Бiрақ тура сондай болады деп айтуға да болмайды", - деп түйдi сөзiн ол. Айта кетейiк, "Астана" кәсiби президенттiк спорт клубы былтыр құрылған болатын. Оның құрамына 9 спорттық және 2 жеке жоба енiп отыр. Оның қатарында "Астана" велоклубы, "Астана" баскетбол ұжымы мен "Астана" футбол командасы сынды iрi жобалар бар.