«Астана» мен «Гелиос» футбол клубтары арасындағы кездесу 1:0 есебімен аяқталды

АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Түркияның Анталия қаласында «Астана» мен «Гелиос» футбол клубтары арасында жолдастық кездесу болды.

Онда Олега Протасов жаттықтыратын астаналықтар қарсыласын 1:0 есебімен ұтты. Бұл ойында соғылған жалғыз доптың авторы Қайрат Нұрдәулетов болды.

 2002 жылы 1 желтоқсанда құрылған Харьков қаласының «Гелиос» командасы 2004/2005 жылғы маусымнан бастап Украина Бірінші лигасында өнер көрсетеді. Владимир Шеховцев жаттықтыратын харьковтіктер былтыр 18 команданың арасынан 15-орын алған болатын.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранектен  шақырту алған астаналықтардың 10 ойыншысы бүгіннен бастап құраманың жаттығу жиынына қатысуда. Олар -  қорғаушылар  Қайрат  Нұрдаулетов, Мұхтар Мұхтаров, Марк Гурман, Михаил Рожков,  Евгений Горячий, шабуылшылар Таңат Нөсербаев, Сергей Остапенко, Сергей Гридин және жартылай қорғаушылар Ұлан Қонысбаев пен Марат Шаяхметов.