Астана мен Қарағанды арасында жаңа электропойыздар қатынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 мамыр күні Астана стансасынан Астана-Қарағанды арасында қатынайтын ЭД9Э сериялы (энергия үнемдейтін) «Сарыарқа» жаңа электропойызының екінші жаңартылған құрамы аттанды. деп хабарлады «24.kz».

Жаңа электричка жайлылығы мен қауіпсіздігі жағынан ерекшеленеді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Хабарламада атап өтілгендей, жаңа электропойыздар әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Барлық конструкциялық шешімдер тапсырыс беруші -«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ талаптары мен тілегіне орай орындалған, өнеркәсіптік эстетика мен әрлеудегі соңғы үрдістер ескерілген. Электропойыздарды пайдалану мерзімі - 28 жыл.

«Сарыарқа» пойызы Қарағанды стансасына күн сайын 2 рет - Астанадан 10.45-те шығып, Қарағандыға 13.55-те, ал екінші рейс Астанадан 19.35-те шығып, Қарағандыға 22.45-те келеді.

Пойыз құрамында бірінші класты 3 вагон, екінші класты 3 вагон, үшінші класты 2 вагон бар.

Жаңа құрамдарда жолаушыларға жайлы болуы үшін барлығы қарастырылған: жұмсақ эргономикалық орындықтар, ауа баптау жүйесі (жылыту және салқындату), герметикалық ванонаралық өтпелер, салондар мен тамбурларда бейнебақылау, Wi-Fi, пойыздың параметрлері туралы қазақ және орыс тілдерінде жазылған «Жүгіртпе жол» ақпараттық таблосы және басқалары бар.

«Демихов машина жасау зауыты» ААҚ-ның (Ресей Федерациясы) сериялы бұл өндірісі құрамын алғашқы іске қосу таныстырылымы 2003 жылы Қазақстан Президентінің қатысуымен өтті. Сол кезден бері ҚТЖ «Қала маңы тасымалдары» АҚ үшін осы өндірушінің 32 вагонын сатып алды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ.