Астана мен Қарағандының әуе базаларында парадқа қатысатын ұшу құрамдарының жаттығулары басталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана және Қарағанды қалаларының әуе базаларында ұшу құрамы мен авиациялық техниканың 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа дайындығы қызу жүріп жатыр.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазіргі кезде жауынгерлік әскери ұшақтар мен тікұшақтардың экипаждары жұптасып 200-500 метр аралығындағы шағын биіктікте және бөлімдер құрамында жаттығуларын өткізуде. Біздің ұшқыштарымыздың деңгейі жоғары, бірақ, авиаторлардың айтуынша, тәжірибелік жаттығулар ешқашан артық болмайды.

Парад өтетін күні Астана аспанына біріккен әуе сапымен қазақстандық ӘҚК қаруының бір бөлігі болып табылатын авиациялық техниканың 70 бірлігі ұшады. Бұлар майдандық, әскери-көліктік және армиялық авиацияның Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 (Airbase Military) ұшақтары және Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32 и ЕС-145 (Еурокоптер) тікұшақтарының тобы.

Түрлі ұшқыштар топтарының құрамындағы әскери ұшқыштар «Қазақ елі» алаңының үстімен ұшып, ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің тәжірибелі ұшқыш экипаждары жоғары пилотаждың әсерлі фигураларын орындауды жоспарлап отыр. Әуе шоуы әскери парадтың ең әсерлі сәттерінің бірі болмақ.