Астана мен Мары - ТМД-ның мәдени астаналары

None
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Астана мен Мары қалалары 2012 жылы ТМД-ның мәдени астанасы болып жарияланды.

Бұл шешім ТМД-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

«Түркіменстан жағымен бірігіп, Астана мен Мары қалаларын ТМД-ның мәдени астаналары аталсын деген шешімге келдік», - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Аталмыш кеңесте Достастық мемлекеттері мәдени астаналарының Ережесін бекіту туралы шешім қабылданды.