Астана мен Мәскеу арасы 1 сағатқа «ұзарады»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбіден жексенбіге қараған түні Астана мен Мәскеу арасы 1 сағатқа ұзарады. Ресейде 26 қазан 02:00-де сағат тілі 1 сағатқа кейінге шегеріледі.

Осылайша Астана мен Мәскеу арасындағы уақыт айырмасы бүгіннен бастап 3 сағатты құрайтын болады. Соңғы рет Ресейде сағатты ауыстыру шарасы 2011 жылы жүргізілді. Содан бері бұл елде қысқы немесе жазғы уақытқа өту мәселесі қоғамда өткір талқыланып келді. Ғалымдар уақыттың ауысуы адам денсаулығына әсер ететiнін айтса, шенеуніктер өзгертулер электр энергиясын үнемдеу мақсатында жасалып отыр деп ақталған еді. Енді Ресей мемлекеті де бұдан былай уақыт ауыстыру шарасынан біржолата бас тартпақ, деп хабарлайды 24.kz.