Рустави қаласының аяқдопшыларымен болған бұл ойын 1:0 есебімен астаналықтардың пайдасына шешілді. Онда 1-таймда Сергей Гридин ашқан таблодағы есеп кездесудің соңына дейін өзгеріссіз қалды. Олег Протасов жаттықтыратын астаналықтардың бұл жиыны 26-қаңтарда басталған болатын. Олардың келесі жолдастық кездесуі енді 4-ақпанда Кишиневтің «Академия УТМ» командасымен өткізбек. Бүгін «Астана» сапына Санк-Петербордағы Достастық кубогында ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған қақпашы Денис Овсянников, қорғаушы Дамир Даутов, жартылай қорғаушы Исламбек Қуат және шабуылшы Денис Прокопенко қосылмақ.
09:51, 31 Қаңтар 2012
«Астана» мен «Металлург» футбол командаларының арасындағы кездесу 1:0 есебімен аяқталды
АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Анталияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» футбол клубы кеше өткен маусымдағы Грузия чемпионатының қола жүлдегері болған «Металлург» футболшыларымен жолдастық кездесу өткізді.