«Қазгидромет» ақпаратына сәйкес, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қостанай, Павлодар, Петропавл және Тылдықорғанда атмосфералық ауаның ластануы болжанады.
Еліміздің өзге шаһарларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.