Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жәрмеңке «Қолөнермен айналысудың сапасын жақсарту және Орталық Азия елдерінде сатылымды арттыруға септесу» гранттық жобасының шеңберінде ұйымдастырылуда. Оны USAID (АҚШ) қолдауымен павлодарлық «Райсаның сән театры» фирмасы іске асырып отыр.
Астана мен Павлодарда өтетін көрмелерде Дильбара Әшімбай, Мәдина Тапаева, Райса сән театры, Қайролла Әбішевтің сән студиясы іспетті Орталық Азияның ең үздік сәнгерлерінің этнографиялық топтамасындағы киімдердің көрсетілімі өтеді.
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның шеберлері мен қолөнершілері көпшіліктің назарына жібектен, киізден, матадан, былғарыдан, ағаштан қолмен жасалған туындыларын және зергерлік бұйымдарды ұсынатын болады.