Рейстер Airbus A319 ұшақтарымен, «эконом» және «бизнес» сыныптарынан тұратын екі класты конфигурацияда орындалады. Жазғы кестеге сәйкес, аптасына үш рейс жоспарланған: Астанадан ұшулар — дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал Санкт-Петербургтен — сейсенбі, жұма және жексенбі күндері.
Бұл бағыт жолаушылар арасында сұранысқа ие болады деп күтіліп, Астана мен Санкт-Петербург арасындағы туристік және іскерлік байланыстың артуына ықпал етпек.
Айта кетейік, бұған дейін 1 мамырдан бастап Алматы мен Оңтүстік Кореяның Пусан қаласы арасында да тікелей әуе қатынасы ашылған болатын.