Астана мен Сеул арасында рейстер аптасына екі рет ұшырылатын болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 тамыздан бастап Астана мен Сеул арасындағы ортақ рейстер аптасына екі рет ұшатын болды, деп хабарланған «Эйр Астана» әуе компаниясының Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«Біз ‪‎Asiana Airlines‬ әуе компаниясымен Астана - Сеул - Астана бағытында код-шер келісім жасасқанымызды қуана хабарлаймыз. 8 тамыздан бастан Астана мен Сеул арасындағы ортақ рейстер аптасына екі рет - сейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады. Корея республикасының астанасына саяхат жасап қайтыңыз», делінген хабарламада.