Астана мен Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссияларының жаңа мүшелері тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Астана мен Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін тағайындады.

«ҚР-ның «Сайлау туралы» конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне және 8-тармағына сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. ҚР-дағы «Сайлау туралы» 1995 жылғы қыркүйектегі сайлау заңнамасында белгілеген тәртіппен Астана қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Александр Шефер, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Владимир Пак тағайындалсын», - деді ҚР ОСК қаулысын таныстырған комиссия мүшесі Марат Сәрсембаев.

Сонымен қатар ол аталған қаулы Астана қалалық және Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссияларына және мәслихаттарына жіберілетіндігін атап өтті. Қаулыны Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бірауыздан мақұлдады.