Астана мен Софиевка ауылының арасында автобус жүретін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Софиевка ауылы мен Астана-Павлодар автожолында орналасқан саяжай тұрғындары үшін жаңа автобус іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана LRT компаниясының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Софиевка ауылын, сондай-ақ Астана-Павлодар автожолында орналасқан бау-бақша қоғамдастықтарын көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың 6 қазанынан бастап №317 жаңа қала маңына қатынайтын бағдар іске қосылады», - делінген хабарламада. 

Жаңа автобус «Алай сауда орталығы» бастапқы аялдамасынан бастап C-316 көшесімен, содан кейін Солтүстік айналма жолына солға, Алаш тас жолына солға, одан әрі бау-бақша қоғамдастықтарына жолшыбай тоқтаумен Софиевка ауылына дейін қатынайды.

«Қарама-қарсы бағытта бау-бақша қоғамдастықтарына тоқтамайды», - деп ескертеді компания.