Көрме аясында «Астана Конвеншн Бюро» мен Томск қаласының Туристік ақпараттық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Мақсаты - өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, Томск және Астана қалаларында ішкі және сыртқы халықаралық туризмді дамытуға бағытталған.
Ынтымақтастық аясында Томскі қаласының орталығындағы навигациялық маңдайшаларында Астана қаласы туралы ақпараттар ілінген. Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда Қазақстанның астанасы туралы үлестірмелі материалдар таратылды (журнал - Астана қаласының жол көрсеткіші бойынша «Astana Official Guide», Z - карта Астана қаласының мен т. б.).
19:30, 11 Қыркүйек 2018
Астана мен Томск туризмді бірлесе дамытуға уағдаласты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қыркүйек күні жыл сайынғы «Томск күні» мерекесі аясында көрме өтті. Көрмені қала әкімшілігінің қолдауымен Томск қаласының туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.