Астана мереке құшағында: бірінші күн

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның елордасы 14-ші туған күнін қарсылауда. ҚазАқпарат бүгін 3 шілде күні өтетін мерекелік шаралар күнтізбесін ұсынады.

Сағат 10.00-де Сулы-жасыл бульварда «ArtBatFest» заманауи өнер фестивалі қонақтарын қабылдауды жалғастырады. Жастардың басқосуына шетелдік суретшілер, «Astana» экшн-фильмдері кинофестивалінің қонақтары қатысады, заманауи билер конкурсы, би флеш-мобы, сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті мереке ажарын аша түседі. Мұнда ноутбукпен келуге болады, өйткені  тегін Wi-Fi жұмыс істейді.

Кондитерлер фестивалі де қонақтардың есінде қалары сөзсіз. Астаналық Конгресс-Холлда сағат 10:00-да кәсіби аспаздар мен аспаздық өнер әуесқойлпары бас қосып, жұртшылыққа өздері пісірген тәттілерін ұсынады.

Бүгін Тимур Бекмамбетовтің «Astana» экшн-фильмдері халықаралық кинофестивалі жұмысының соңғы күні. Ол сағат 11:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында басталады. Күні бойы «АRT FEST» конкурсы жұмыстарының таныстырылымдары, кинематографшылардың шеберлік сабақтары, киножұлдыздармен баспасөз мәслизаттары өтеді. Сондай-ақ   сценарийлер мен қысқа метражды кинобайқауларның нәтижелері жарияланады, сондай-ақ фестивальдің жабылуында "Жаңа өрмекші адам» блокбастарінің премьерасы болады.

Бұл күні сондай-ақ Астананың қарттар мен мүгедектері үйінде «Жыр-шашу» қайырымдылық концерті өтеді.

1 шілдеде басталған «Азия жаңғырығы» цирк өнері халықаралық фестивалі да көптеген күткен қызықты шаралардың бірі. Астаналық цирк аренасында Қытай гимнастары, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан цирк шеберлері өнер көрсетеді

Елорданың екі ірі театры М.Горький атындағы орыс драма театры мен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры да қызықты премьераларын ұсынып отыр. Сағат 18:30-да «Кьоджинские перепалки» жән «Ақан сері - Ақтоқты» спектакльдерінің премьералары өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары бүгін қайта оралған аңызға айналған "Тақиялы періште» киноконцертін тамашалайды. Симфониялқ оркестр, камералық хор, «Шалқыма» халық биі ансамблі, әншілер тамаша ән сазын паш етеді.