Астана мешіттерінде Құрбан айт намазы таңғы сағат 8:10-да оқылады
«Алла бұйыртса, үстіміздегі жылдың 15 қазанында қасиетті Құрбан айттың бірінші күні басталады. Осы күні әрбір мұсылман таңертең тұрып, тазаланып, таза киімдерін киіп, мешітке барып, Құбан айт намазын жамағатпен бірге оқып, Аллаға мінәжат етіп, құлшылықпен бастайды. Ары қарай шамасы келген әрбір жан құрбандық шалуға кіріседі», - деп тоқталды Бас имам.
Осы орайда ол құрбандыққа түйе, ірі қара мал, қой және ешкі шалынатынын еске салып өтті. «Жалпы түйе бес жасқа, қара мал екі жасқа, қой бір жасқа толған болуы қажет. Егер де союға жарамды болса, 6 айлық тоқты да жарайды. Ал енді ешкі бір жасқа толуы шарт болып есептеледі», - деді Н. Өтпенов.
Осы орайда ол құрбандық айт намазы оқылғаннан кейін шалынуы тіс екенін ескеріп өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні елімізде демалыс күні ретінде белгіленген.